«Улыбка – 2026»: жазғы демалыстың жарқын бастауы
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №45 жалпы білім беретін мектепте«Улыбка – 2026» мектеп жанындағы жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.
Мерекелік іс-шара заманауи форматта ұйымдастырылып, оқушыларға көтеріңкі көңіл-күйсыйлады. Мектеп ауласы түрлі-түсті қолшатырлармен және фотозоналармен безендіріліп, балаларды аниматорлар мен ертегі кейіпкерлері қарсы алды.
Балалардың ерекше қызығушылығын химия, физика және биология пәні мұғалімдері ұйымдастырған ғылыми тәжірибелер алаңы тудырды. Сонымен қатар «Менің бақытты жазым» атты асфальтқа сурет салу байқауы, оқушы қыздар ұйымдастырған аквагрим алаңы, ойын және би бағдарламалары мерекенің сәнін келтірді.
Лагерь жұмысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қолайлы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Біз барлық балаларға тең мүмкіндік беріп, олардың қабілеттерін дамытуға қолдау көрсетуді маңызды міндетіміз деп санаймыз.
«Улыбка – 2026» лагерінің ашылуы жазғыдемалыстың жарқын бастамасына айналып, балаларға қуаныш, жаңа әсерлер мен ұмытылмас сәттер сыйлады.
Abai.kz