Сейсенбі, 11 Тамыз 2026
Жаңалықтар 581 0 пікір 10 Тамыз, 2026 сағат 14:23

Алматы жастары Абай күніне орай ерекше флешмоб өткізді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды.

Алматы жастары Абай күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырып, қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.

Флешмоб барысында 600-ден астам жас бір мезетте сап түзеп, ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбайұлының масштабты бейнесін қалыптастырды.

Шараның басты мақсаты - жастар арасында Абайдың рухани мұрасын, білімге, еңбекке және ел бірлігіне үндейтін құндылықтарын кеңінен насихаттау. Қатысушылар ұлы ақынның мұрасы бүгінгі жас ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір