Бейсенбі, 1 Қазан 2026
Жаңалықтар 216 0 пікір 30 Қыркүйек, 2026 сағат 17:52

Сметов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Сурет: Сали Сабиров / ҚР ҰОК.

Дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Елдос Сметов Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында белдесті.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ақтық сынында отандасымыз алаң иесі — жапониялық Хаято Кондомен шеберлік байқасты. Тартысты өткен кездесуде жапониялық дзюдошы жеңісті жұлып алып, Елдос Сметов Азиаданың күміс медалін еншіледі.

Айта кетейік, бұл — Елдос Сметовтің Азия ойындарындағы екінші жүлдесі. Ол бұған дейін Инчхон-2014 бәсекесінде чемпион атанып, алтын медаль жеңіп алған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар