«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, 9 қазаннан бастап қалада орталық жылу жүйесіне қосу жұмыстары басталады. Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға — балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі.
Тұрғын үйлерді орталық жылуға қосуды 10 қазаннан бастау жоспарланған. Жылу үйге берілгеннен кейін ПИК пен МИБ мамандары ішкі жылу жүйелерін реттейді. Олар радиаторлар мен тікқұбырлардағы ауаны шығарып, қысымды реттейді және жылудың пәтерлерге біркелкі таралуын қамтамасыз етуі тиіс.
— Жылу желілерінде туындауы мүмкін мәселелерге жедел ден қою үшін материалдар мен қажетті жабдықтардың қоры жасақталды. 2026-2027 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы кезекшілік атқарады. Барлығы 220 маман мен 56 техника жұмылдырылады, — деп хабарлады «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.
Еске салайық, бұған дейін Орал қаласында тұрғын үйлерге жылу беріле бастады.
Сондай-ақ Қызылорда қаласына жылу берілді.
Abai.kz