Теңіз әскерінің бұрынғы басшысы Ниязбеков ұсталды
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды.
«ІІМ Әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде қызметке салғырт қарағаны үшін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы, 1-ранжирлі капитанды ұстап, уақытша ұстау оқшаулағышына жапты», – деп хабарлады ҚР ІІМ.
Еске салсақ, Ниязбеков 2025 жылғы 15 тамызда ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған болатын, алайда Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуда орын алған қайғылы оқиғадан кейін, 2026 жылғы 3 қазанда бұл қызметінен босатылды.
Abai.kz