Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Жаңалықтар 150 0 пікір 8 Қазан, 2026 сағат 16:52

Қырғызстан: Алмазбек Атамбаевтың ұлы сотталды...

Сурет: instagram.com сайтынан алынды.

Қырғызстанда экс-президент Алмазбек Атамбаевтың ұлы сотталды...

Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты бұқаралық тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айыпталған «социал-демократтар» ісі бойынша үкім шығарды:

Темірлан Сұлтанбеков — 7 жылға бас бостандығынан айырылды;

Қадыр Атамбаев — 4 жылға сотталды;

Абдурахим Абдрахманов — 8 жылға бас бостандығынан айырылды (бұған дейін ол Аламүдүн аудандық сотымен алаяқтық ісі бойынша сотталған болатын).

Эрмек Эрматовқа қатысты айыптау бабы қайта сараланып, оған пробациялық бақылау белгіленді және сот залынан босатылды.

Қубанычбек Кадыров толықтай ақталды.

Қазақстан азаматы Серикбай Кабыланбек жаза мерзімін өтеуіне байланысты сот залынан босатылып, одан кейін оны Қырғызстан аумағынан мәжбүрлеп шығару (депортациялау) туралы шешім қабылданды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 900
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1196