Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 200 0 пікір 13 Қазан, 2026 сағат 16:06

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі өзгереді

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру ережелерін өзгертпек. Жаңа талаптар ЖСН рәсімдеу кезінде шетелдіктердің көші-қон мәртебесін тексеруге мүмкіндік береді.

Қазақстан ІІМ жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) рәсімдеу немесе түзету кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың елде заңды түрде жүргенін тексеруді ұсынады. Тіркеуге қатысты бұйрық жобасы «Ашық НПА» порталында жарияланды.

Жобаға сәйкес, бұл мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уәкілетті органдар өтініш берушінің Қазақстанда заңды түрде болуын немесе тұруын тексеретін болады.

Ішкі істер министрлігі жаңа талаптар ЖСН рәсімдеу кезінде шетелдіктердің көші-қон мәртебесін тексеруге және мемлекеттік органдар қызмет көрсету барысында пайдаланатын мәліметтердің шынайылығын арттыруға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Әзірге құжат қабылданған жоқ, сондықтан жаңа талаптар әлі қолданысқа енгізілген жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 975
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1320