Сенбі, 24 Қазан 2026
Жаңалықтар 291 0 пікір 23 Қазан, 2026 сағат 16:42

Азия Пара ойындары: Қоржынымызда 12 алтын!

Сурет: ҚР ҰОК телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында жеңіс тұғырының биігінен көрінді.

Тасжолдағы велоспорттан ерлер арасында В санатында Наиль Ермұханбет 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты. Ал Кирилл Илюкевич 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырым қашықтықта Анастасия Калаус 2 сағат 5 минут 47 секунд уақыт көрсеткішімен алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова 2:09.43 уақыт нәтижесімен күміс медальға ие болды.

Сондай-ақ бүгін, 23-ші қазанда Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан ерлер командасы 412.09 коэффициентпен қола медальді еншіледі.

Команда қатарында Давид Дегтярев, Ерболат Карибай мен Станислав Шакиев өнер көрсетті.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында жалпы 48 медаль бар: 12 алтын, 15 күміс, 21 қола.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1185
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1641