Жұма, 6 Қараша 2026
Жаңалықтар 561 0 пікір 4 Қараша, 2026 сағат 16:19

Өзбекстан экстремистерге жазаны күшейтпек...

Сурет: centralasia.media сайтынан алынды.

Өзбекстанда экстремистік ұйымдарға қатысқаны үшін жаза күшейтілуде...

Экстремистік, сепаратистік, фундаменталистік немесе басқа да тыйым салынған ұйымдарға қатысу 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.

Бұл туралы республиканың Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерде айтылған. Сондай-ақ Әділет министрлігі экстремистік ұйымдар мен материалдардың электронды тізілімін жүргізеді және ол ведомствоның сайтында ашық қолжетімділікте орналастырылады.

Бұдан бөлек, енгізілген басқа да өзгерістерге сәйкес, тыйым салынған ұйымдардың экстремистік материалдары мен нышандарын тарату мақсатында дайындағаны және сақтағаны үшін айыппұлдар немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу шарасы енгізіледі.

Abai.kz

0 пікір