Жұма, 6 Қараша 2026
Жаңалықтар 291 0 пікір 5 Қараша, 2026 сағат 16:49

Каспийдегі трагедия: 8 лауазымды тұлға қамауда...

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қаза болуы: 8 лауазымды тұлға қамауда қалады...

Бас прокуратура Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысы туралы ақпаратты жариялады. Ведомство мәліметінше, 300-ден астам адамнан жауап алынып, 30-дан астам сот сараптамасы мен зерттеу жүргізілді. Тергеуді ІІМ Әскери-тергеу органдары жүргізіп жатыр, оның барысы Бас прокуратураның ерекше бақылауында.

Соттың санкциясымен 8 лауазымды тұлға қамауға алынды: Қарулы Күштер Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, оның бірінші орынбасары мен жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары, екі әскери бөлімнің, теңіз жаяу әскерлері батальоны мен ротасының командирлері, сондай-ақ катер капитаны. Оларға қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу ережелерін бұзу айыбы тағылуда.

Жақын арада тергеу әрекеттерін аяқтау және процесс қатысушыларын іс материалдарымен таныстыру жоспарланып отыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Abai.kz

0 пікір