Қазақстан Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігін ашады
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасында кеден қызметі өкілдіктерін ашуды көздейтін келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Abai.kz