Абу-Дабиде Украина бойынша келіссөздер басталды
Украина делегациясы алғашқы кездесуді Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия, НАТО және Еурокомиссия өкілдерімен өткізді. Оларға АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер де қосылады.
«Келіссөздердің келесі кезеңінің алдында ұстанымдарымызды айқындап, қадамдарымызды үйлестіреміз», — деп хабарлады Украина делегациясының басшысы Рустем Умеров.
Еуропалықтармен кеңескеннен кейін Украина, АҚШ және Ресей арасында үшжақты кездесу басталды.
Бұған дейін The New York Times басылымы басты тақырып Еуропадағы болашақ қауіпсіздік кепілдіктері болатынын хабарлаған еді.
Басылымның мәліметінше, аумақтық мәселелер мен атысты тоқтату тақырыбын талқылау жоспарланбаған. Тараптар қазіргі соғысты тоқтату мүмкін болған жағдайда, жаңа соғыстың алдын алуға бағытталған механизмдерге баса назар аударады.
Abai.kz