Бектенов: 6,5 трлн теңге құрылысқа жұмсалады!
Қазақстанда «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр.
Премьер-министр Олжас Бектенов бұл қаржының отандық өндірісті дамытуға да ықпал етуі керектігін айтты.
Үкімет қандай тапсырма берді?
* Құрылыс жобаларына қазақстандық өндірушілерді кеңінен тарту;
* Қажетті материалдар мен жабдықтардың көлемін алдын ала анықтау;
* Сатып алу жоспарларын ертерек жариялау;
* Отандық кәсіпорындардың өндірістік қуатын толық пайдалану;
* Өндірісті кеңейтуге қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету.
Қазір қазақстандық кәсіпорындар елдегі негізгі құрылыс материалдарына сұраныстың 73%-ын қамтамасыз етіп отыр.
«Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әкімдіктермен, „Бәйтерек“ холдингі және „Атамекен“ ұлттық палатасымен бірлесіп, аталған бағдарламаға отандық өндірушілердің қатысуын қамтамасыз етсін», – деді Бектенов.
Бағдарламаның орындалуын бақылау Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевқа жүктелді.
Abai.kz