Сейсенбі, 17 Қараша 2026
100 0 пікір 17 Қараша, 2026 сағат 17:52

Наурызбай ауданындағы комьюнити орталығы – жастарға арналған маңызды алаң

Сурет: Наурызбай ауданы әкімдігінен алынды

Наурызбай ауданында жастардың жан-жақты дамуына, әлеуетін арттыруына және бастамаларын жүзеге асыруына бағытталған комьюнити орталығы жұмыс істейді.

Шұғыла шағынауданы, 340Б мекенжайында орналасқан орталық күн сайын сағат 10:00-ден 23:00-ге дейін жастарға қызмет көрсетеді.

Орталықта жастардың білімін жетілдіруге, кәсіби және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған кездесулер, танымдық іс-шаралар, тренингтер мен түрлі жобалар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жастар апта сайын кәсіби психолог пен заңгердің тегін кеңесін алу мүмкіндігіне ие.

Комьюнити орталығы – жастардың өз әлеуетін жүзеге асыруына, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына және өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасайтын маңызды қоғамдық кеңістік.

Abai.kz

0 пікір