Құрманбек Жұмағали «Қазақфильмді» басқарады...
Құрманбек Жұмағали «Қазақфильм» киностудиясының президенті болып тағайындалды.
Бұған дейін ол Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарған.
Құрманбек Жұмағали еңбек жолын 2004 жылы бастаған. Телевизия, медиа және мемлекеттік басқару салаларында тәжірибесі мол.
2019–2021 жылдары – «Астана» телеарнасын басқарды. 2021–2023 жылдары – «31 арнаның» бас директоры болды. 2023 жылдың шілдесінен бастап – Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын басқарды.
Сондай-ақ әр жылдары «Қазақстан» телерадиокорпорациясында, «Қазақ радиоларында» және мемлекеттік органдарда басшылық қызметтер атқарған.
Abai.kz