Бейсенбі, 19 Қараша 2026
Жаңалықтар 101 0 пікір 19 Қараша, 2026 сағат 16:45

Бектенов «Самұрық-Қазына» туралы: Жағдай бақылауда!

Сурет: primeminister.kz сайтынан алынды.

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығына қатысты соңғы оқиғаларға байланысты мәлімдеме жасап, қордың алдағы жұмысына қатысты бірқатар мәселені түсіндірді.

Айтуынша, қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жекелеген лауазымды тұлғаларға қатысты тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Істің барлық мән-жайы тергеу аясында анықталуда.

«Жағдай мемлекет басшысының бақылауында. Құзыретті органдар заңнама талаптарын қатаң сақтай отырып, объективті әрі жан-жақты тергеу жүргізуге тиіс. Қазіргі кезеңде сөз нақты бір жағдай туралы болып отыр. Бұл жағдай Қордың бүкіл компаниялар тобының қызметіне күмән келтіруге негіз бола алмайды», – деді премьер-министр.

Олжас Бектенов жақында жаңа төраға тағайындалатынын мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір