Жұма, 22 Қараша 2024
Қоғам 8574 0 пікір 19 Мамыр, 2014 сағат 10:20

ОСЫ СІЗ КІМСІЗ, МҰСАБАЕВ МЫРЗА?!

Қазғарыш ұлттық агенттінің басшысы Талғат Мұсабаевқа

Антигептил және Халықтық Альянс азаматтық қозғалыстарының атынан

                                                                      САУАЛ

 

Талғат Амангелдіұлы, бүгін бір жыл өтпей жатып тағы да протон құлады. Осы жолы Құдай сақтап улы гептилге толы «жолы болмағыр» ракета қазақ жеріне емес, Ресей мемлекетінің аумағы болып табылатын Алтай аймағына барып құлады. Осыны ескере отырып, сіз өзіңізге пайдалы шешім қабылдап, Роскосмоспен әріптестігіңізді доғаруыңыз қажет немесе отставкаға кеткеніңіз жөн. 
Есіңізде болса, біз, астаналықтар, сіздің терезеңіздің астында төрт апта бойы 30 градустық аязға қарамай наразылық шарасын жасаған едік. 
Ал қазір сізге және сіздің Роскосмостағы әріптестеріңізге мынадай сауал жолдаймыз:

1. Қашанға дейін гептил толтырылған протондар құлап, немесе  ары қарай ұшуын жалғастырып, қазақ халқына жасалып отырған эколологиялық геноцит жалғаса береді?
(Ресей қаһарманы ретінде сіздің есіңізге саламыз: Алтайда 32 000 қазақ тұрады) 

2. «Қазақстанға Протон пайда әкеледі» деген өтірікті қашан қоясыз? 

3. 2013 жылдың 2 шілдесінде болған апаттың кеселінен экологияға келтірілген шығын қашан өтеледі?

4. Қызметтен нақты қашан босауды жоспарлап отырсыз? Себебі сізбен сөйлесудің қажеті жоқ! Өйткені біз ақылды адамдармен ғана сөйлесіп, іс жасауды жөн санаймыз.

5. Сіз халық алдында сөйлегенде өз тіліңізге ие бола аласыз ба? Себебі сіздің шын, не өтірік айтып тұрғаныңыз түсініксіз.

6. Мүмкін сізді ресейліктер қорқытқан шығар? Сіз біресе гептил қауіпті дейсіз, ал біраз уақыттан кейін біз Протонсыз өмір сүре алмаймыз дегенді айтасыз.

7. Сіз қазақстандық патриотсыз ба әлде     РФ агентісіз бе?

Талғат Амангелдіұлы, сіз өз серіктеріңізбен қосылып, елге зиян келтіріп жатқандарыңызды және сол арқылы үлкен күнәға батып жүргендеріңізді сезесіздер. Сізге және сіздің серіктестеріңізге жек көрушілікпен қарай отырып, отставкаға кетуіңізді, Роскосмостың қолынан түк келмейтін конструкторлардан құтылуын, ең бастысы, қазақ халқының экоцитін тоқтатады деп үміттенеміз. Сонымен қатар, сіздің орныңызға өз ісін жақсы білетін, өз елін сүйетін, ешқашанда қазақтың жерін ластауға жол бермейтін, нағыз адал қазақ келеді деп үміттенеміз. Осы жоғарыда тізбектелген сұрақтарға жауап беріңіз де, Қазақстаннан   Ресейіңізге кете беріңіз. 

Астана, 16.05.2014 жыл (Протон құлаған күн)

Видео: http://www.youtube.com/watch?v=-BJm5AI9QCQ

              

;feature=youtu.be" target="_blank">
;feature=youtu.be

              http://rus.azattyq.org/content/news/25387161.html

              http://www.azattyq.org/content/news/25387132.html

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315