Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Билік 8344 0 пікір 26 Наурыз, 2014 сағат 14:30

Ядролық терроризм - ең үлкен қатердің бірі

 

Нұрсұлтан Назарбаевтың Гаагадағы ІІІ жаһандық саммит қарсаңында жарық көрген, Euractiv және Washington Times тәрізді әлемнің жетекші интерактивтік саяси алаңдарында орналастырылған Қазақстан Президентінің мақаласында біздің еліміздің әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарту жөніндегі шешімі осы саладағы Қазақстанның көшбасшылығына негіз болғаны атап өтіледі.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазіргі уақытта, мақалада атап көрсетілгендей, ядролық қарудың түрлі экстремистік топтардың қолына түсу қаупі айрықша алаңдаушылық тудыруда. Ядролық терроризм халықаралық қауіпсіздік үшін ең үлкен қатердің бірі болып отыр. 

Мақаласының соңында Мемлекет басшысы жаһандық қауіпсіздік жүйесі ядролық арсеналдың талқандаушы мүмкіндіктеріне емес, мүдделердің үндестігі мен халықаралық міндеттемелердің орындалуының жасампаз күшіне негізделуге тиіс екеніне баса назар аударады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963