Алматыда Қазақстанның халық жазушысы Нұрпейсовтің 85 жылдығын атап өтті
Алматы. 29 сәуір. ҚазТАГ - Бейсенбі күні Алматыда Абай атындағы МАОБТ-да Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейсовтің мерейлі 85 жылдығына арналған шығармашылық кеші болып өтті.
«Жазушыны 85 жылдық мерейтойымен көптеген қызметтестері, достары мен әріптестері, жазушылар, ақындар, әртістер, киноматографистер, қазақ халқының тарихына құнды үлес қосқан қазақ ойшылының, сөз шеберінің шығармасын бағалаушылар құттықтады», - деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов халық жазушысын құттықтап, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау сөзін оқып берді.
Мемлекет басшысы «халқымыз XX-шы ғасырда бастан кешкен сан-қилы оқиғалар мен адамзатты алаңдатып отырған күрделі әлеуметтік проблемалардың бірқатары сіздің шығармаларыңызда көркем сөздің құдіретімен барынша шынайы бейнесін тапты», - деп Ә. Нұрпейсовтың шығармасын атап өтті.
Ол жазушының табиғатты қорғауға, әсіресе Арал өңіріне көп көңіл бөлгенін атап өтті. Н. Назарбаев Ә, Нұрпейсовке «ел бірлігі, Қазақстанның болашағы сіздің ойыңыздан шықпайтынын білемін, осының бәріне зор ризамын», дей отырып, «зор денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Еңбегіңіздің зейнетін ұзағынан көріп, халқыңыздың құрмет-қошеметіне бөлене беріңіз», деген тілек айтты.

Осы күні жазушының жаңа редакциясындағы атақты «Қан мен тер» трилогиясының он бесінші басылымының таныстырылымы болып өтті.
Әбдіжәміл Нұрпейсов 1924-ші жылы Арал теңізінің жағалауындағы Құланды аулындағы балықшының отбасында дүниеге келген. Ауыл мектебін бітірген соң 1942 жылы әр түрлі майдандарда соғысты. Соғыс аяқталған соң, бір жылдан кейін ол әскерден қайтты. Оғыста оның әкесі мен әкесінің бес ағасы қаза тапты.
Ол мекте оқып жүріп-ақ өмірін шығармашылыққа арнайтынын білген. Соғыстан соңғы жылдары, туған отанына оралып, Ә. Нұрпейсов соғыс туралы «Курляндия» романын жазып, ол шығармасы Жамбыл атындағы республикалық сыйлықпен атап өтілді. 1954 жылы Ә. Нұрпейсов Мәскеу әдебиет институтына түсті. Институтты бітірген соң бір жылдан кейін «Қан мен тер» трилогиясын басып шығарып, ол 1974 жылы КСРО мемлекеттік сыйлығына ие болды. Кейін бұл шығарма көптеген тілдерге аударылды.