Сенбі, 23 Қараша 2024
Абай.tv 6551 0 пікір 30 Шілде, 2015 сағат 18:53

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҰЙҒЫРЛАР ҚАЛАЙ ТОЙ ЖАСАЙДЫ?

"Той - тәңірдің қазынасы", "жиғаның тойда шашылсын" дейтін қазақ қуанышынан ештеңе аяған емес. Тіпті кредит алып, қарызданып-қауғаланып той өткізіп жатады. Алайда, соңғы кездері қазақтардан ұйғыр ағайындардың тойшылдығы арта түссе керек. Іле алатауы ұлттық саябағындағы Алма арасан шатқалында бірнеше күн бұрын осындай тойшылдықтың салтанатына куә болдық. Бірнеше көлікпен ғана барған қазақтың жас жұбайы шетелдің ең қымбат деген көлігін мініп, қиқулатып жетіп барған ұйғыр ұлтының өкілдері келгенде шетке ығысып-ақ тұрды. Қымбат деген 16 көліктің біреуінің шопырымен сөйлесудің реті келіп, әңгімесінен ұққанымыз - той иесі осынша көлікті жалға алуға 3 сағатқа 4700 доллар ақша төлеген. Той иесі Алматының "барахолка" аталып кеткен базары маңында тұратын дәулетті ұйғырлардың бірі болса керек. 

 

Ақан Бектас

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338