Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5795 1 пікір 26 Қазан, 2015 сағат 09:31

ТАРАЗДАҒЫ ОҚИҒА: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Құқыққорғау органдарында расында да реформалар қажет. Əсіресе, "УВД", "ГУВД", "РОВД", т.с.с мекемелерді сатылай әкімдердің тағайындауына беріп, уақытымен сайланбалы деңгейге өткізу керек. Əрбір мекеменің басшысы ротацияланып, 3 жыл сайын ауысып отырғаны дұрыс. Екіншіден, Əдеп кодексін бекіту арқылы "погон" таққандардың жүріс-тұрысын, аузындағы біссіміллəсын реттеу керек. Кешегі Тараздағы оқиға құқыққорғау органдарындағы заң аясын белінен басатын қалыптасқан үрдісін көрсетті. 
Бұл жауапкершіліктің əлсіздігі мен заңсыздықтан қоғамның əбден шаршап, шарассыздыққа түскенін көрсетті. Барлығына топырақ шашуға болмас. Бірақ үнсіз таразының басы басым болғаны ашық бейнебаянға түсіріп, биліктік партияның өкілеттігіне бозбаланың өзіне от қойып кіруі осыны байқатады. Сондықтан жүйелі жұмыстарды жеделдету қажет.

Мақсат Жақау

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373