Сенбі, 19 Сәуір 2025
Экономика 5083 0 пікір 12 Қараша, 2016 сағат 00:00

Шұғыла және Мәдениет ықшам аудандарында жаңа тұрғын үй кешендері салынады

Бүгін Алматыда қала әкімі Бауыржан Байбектің қатысуымен қала құрылысы кеңесінің отырысы өтіп, онда Шұғыла және Мәдениет ықшам аудандарында бой көтеретін тұрғын кешендерінің концептуальді жобалары бекітілді.

Бостандық ауданындағы Тәжібаев көшесінің бойында төртінші сыныпты 12 қабатты 828 пәтерлі, екі бала бақшасы мен ойын алаңдары бар тұрғын кешенін салу жоспарланған. Я.Гейлдің концепциясы бойынша үйде 890 орынды көлік тұрағы салынады, соның арқасында аулада ешқандай автомобиль болмайды. Осы құрылыс қолға алынса 500 жаңа жұмыс орны ашылады, ал кешен пайлануға берілген кезде 171 адам жұмыспен қамтылады.

Эскизді жобасы қабылданған тағы бір кешен 4 және 5 сыныпты үйлер, бұларда 910 және 4860 пәтерлер, 1834 орынды көлік тұрағы, мектеп, бала бақша және 15700 шаршы метрлі алаң болады.

Қала құрылысы кеңесінің отырысында бес жобаның 2-і бекітілді. Қалғандарында дамыған инфрақұрылым және басқа қажетті әлеуметтік нысандар қарастырылмаған.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2046
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4903
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4106