Сенбі, 23 Қараша 2024
Экономика 4809 0 пікір 10 Қараша, 2016 сағат 00:00

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 4 бала бақша ашылады

Алматыда жыл аяғына дейін 4 бала бақша, 600 орынды 1 мектеп, 25 балалардың ойын алаңдары және басқа нысандар пайдалануға беріледі әрі бұлардың барлығы жеке қаржы есебінен салынуда. Жалпы,бизнесмендер құны 40 млрд. теңге болатын 49 жобаны жүзеге асыруда.

Өзінің кезекті жұмыс сапары барысында қала әкімі осындай нысандардың бірі- №124 коррекциялық типтегі қазақ бала бақшасында болды. 1961 жылы салынған мекеме апатты деп саналған, алайда жеке инвестор оның құрылысына 400 млн. теңгеден астам қаржы жұмсап, оны қайта салды және сейсмикалық қуатын күшейтті.

«Бұл бала бақша Мемлеғкет басшысының бұрындары берген тапсырмасы аясында іске қосылады әрі сапасы да жоғары. Бізге тұрғындар үшін барлық жағдайларды жасау қажет. Ата-аналар үшін балаларының уақтылы тамақтанғаны, қоғамға бейімделгені, білім алғаны, ең бастысы қауіпсіздігі барынша маңызды», - деп атап өтті әкім.

Жоба демеушілері – «RBK» банкі нысанды қайта жасап шықты, жаңа техника мен қазақстандық мебельдерді сатып алуда.

Құрылыс барысында қазақстандық үлес 90%, құрады, бұл шағын және орта бизнестің қолдау тапқандығын көрсетеді. Нысанды қайта жасау кезінде 200 жұмыс орны пайда болды, іске қосылған кезден бастап мұнда 35 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

Жаңа бала бақша 1 желтоқсан- еліміздің Тұңғыш Президенті күні ашылады деп жоспраланған, бала бақша 100 орынды. Мемлекеттік- жеке серіктестік аясында Медеу ауданында қазірдің өзінде 146 бала бақша салынған.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498