Сенбі, 23 Қараша 2024
Экономика 5155 0 пікір 8 Қараша, 2016 сағат 00:00

«Tokyo Rope Almaty» зауыты іске қосылды

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияға сапары барысында Алматы­дағы жапондық зауытты қашықтан іске қосу телекөпіріне қатысты. Атап өтетіні, «Tokyo Rope Almaty» деп аталатын зауыт – Жапониядан сыртта орналасқан әлемде теңдесі жоқ габионды тор жасайтын жалғыз өндіріс ошағы. Ол жоғарытехнологиялық темір арқандар, көпірлер бұрамалар, авто­дөң­гелектер металлокордтарын, күн энер­гиясына арналған сым темірлерді жасау­мен айналысады. Сондықтан да оның өнімдері Түркиядағы «Іzmіt Bay Brіdge» және Вьетнамдағы «Nhat Tan Brіdge» көпірлерін, Шаңқай бүкіләлемдік қаржы орталығының заңғар ғимаратын салуға пайдаланылған.

Аталған шара барысында Алматыда Жапония іскерлік орталығын және Индус­триалдық аймақта жапондық индустриал­ды парк құру бойынша меморандумға қол қойылды. Атап өтетіні, бұлар Алматы қала­сының инвестициялық климаты мен индустрияны дамыту бойынша тараптар ара­сындағы күш-жігерді біріктіруге ықпал етеді. Осыған орай Елбасы Н.Ә. Назар­баев­пен телекөпір барысында қала әкімі Бауыр­жан Байбек:

– Бүгінде мегаполисте инвесторлар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалуда. Биыл біз Алатау ауданындағы Индус­триал­ды аймақ пен «Алатау инновациялық техно­логиялық паркі» Әлеуметтік экономи­калық аймағының екінші кезегін бітіретін боламыз. Сосын, екінші бесжылдықта Алма­ты Индустрияландыру картасы аясын­да 175 млрд. теңгеге 80 жоба жүзеге асы­рылып, 11 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Қазірдің өзінде 20 кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Осы ретте үстіміздегі жылы 10 трансұлттық компания тартылды. Міне, бүгін «Tokyo Rope Almaty» зауытын іске қосып отырмыз. Сондай-ақ, біз «Tokyo Rope» компаниясымен Алматыда Жапония іскерлік клубын және Индустриалды аймақта Жапон индустриалды паркін құру туралы меморандумға қол қойдық. Қолдағаныңыз үшін, рахмет Сізге, құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, – деп атап өтті.

Ал енді «Токио Роуп» корпорация­сының президенті Хироаки Накамура өз сөзінде «Tokyo Rope Almaty» зауыты алдағы уақытта жылына 5 мың тоннадай габион торын өндіретінін айта келіп, «Жоғары­технологиялық және роботтандырылған құралдар жылына 5 мың тоннадай темір өнімдерін өндіруге мүмкіндік беріп, одан әрі олар ТМД елдеріне, Моңғолияға, Сауд Арабиясына, Ауғанстан мен Пәкістанға экспортталатын болады. Зауыт қазірдің өзінде Ресей, Қырғызстан мен Грузия тарапынан алдын ала жасалған алғашқы келісім-шарттарға ие. Өйткені, біздің ком­пания ғимараттар мен инфрақұ­рылымдық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін металл жүйелерін өндіретін зауыт салатын ғажайып жобаны жүзеге асырады. Осы инвестицияның бірінші кезеңінде 10 млн. АҚШ долларына қол жеткізіп, екінші және үшінші кезеңдегі 5 жыл ішінде біз Алма­тыдағы Жапон Индустриалды Паркі өндірісін метиз өнімдері мен кең көлемдегі темір сызғыштар шығару үшін 70 млн. АҚШ долларына дейінгі инвестициямен кеңей­туді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті.

abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373