Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 3138 0 пікір 18 Қазан, 2016 сағат 17:37

ОҚО-ДА ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІНІҢ КӨЛЕМІ ТОҒЫЗ АЙДА 4,9 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ

Оңтүстік Қазақстан облысында атқарылған жүйелі жұмыстар мен жасалған іс-шаралардың нәтижесінде 9 айдағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші жоғары болып отыр. Мәселен  өнеркәсіп өнімінің көлемі тоғыз айда 4,9 пайызға артып, 574,2 млрд. теңгені құрады. Өнім көлемінің өсуі негізінен 104,5 пайызы тамақ, 117,5 пайызы мұнай өңдеу болса, 127,3 пайызы фармацевтикалық, ал 115,4 пайызы өзге металл емес минералды өнімдер мен 107,4 пайызы металлургия өндірісі есебінен орын алып отыр.

Ал, ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 319,6 млрд. теңгені құраса, оның ішінде мал шаруашылығында – 150,3 млрд. тг, егін шаруашылығында - 168,6 млрд. тг. өнімі өндірілді.

Сонымен қатар, жыл басынан бері  құрылыс жұмыстарының көлемі 125,3 млрд. теңгені құрап,  385,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10 пайызға артты. 

Ал 9 айда негізгі қорға 240,8 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2015 жылдың  тиісті кезеңіне 82,4 пайызды құрады. 

Сондай-ақ, облыста 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы қабылданды. Айқындалған 83 индикаторлардың ішінде 11-і биылғы жылдан бастап, алғаш рет Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен облыс әкімі арасында түзілген Меморандумның  индикаторлары болып табылады. Жыл соңына дейін белгіленген индикаторларға қол жеткізілетін болады.

Айта кетейік, 2015 жылдың қорытындысымен жалпы өңірлік өнім бойынша республикада тұрақты 5 орында орналасқан.  

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5583