Coca-Cola компаниясы Универсиаданың ресми демеушісі болды
«Алматыдағы 2017 жылғы 28 Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық және ұйымдастыру дирекциясы» МҚ және Coca-Cola компаниясы келісімге келгені туралы жариялады, соның негізінде Coca-Cola Ойындар кезінде ресми серіктес ретінде барлық алкогольсіз сусындардың тасымалдаушысы болып тағайындалды.
«Универсиаданың серіктесі» мәртебесінде Coca-Cola бүкіл қатысушылар мен жарыс қонақтарына 850 литр сусындар ұсынады және салқындатқыш жабдықтармен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, халыққа Универсиада ауқымды шарасын насихаттау бағытында Coca-Cola(500мл), BonAqua(500мл) сусындардың сыртындағы жапсырмаларында 2017 жылғы Халықаралық Студенттік ойындардың логотипі бейнеленеді.
– Әлемдегі көптеген іс-шаралардың маңыздылығын анықтайтын факторлардың бірі – Ұйымдастырушы комитеттің серіктестерінің кім екендігі, бүгін әлемдегі трансұлттық компаниялардың арасында жетекші орын алатын Coca-Cola компаниясымен келісім-шартқа қол қою біздер үшін жағымды жаңалық. Coca-Cola ресми түрде Универсиаданың сусындар бойынша серіктесі болып жарияланды және Студенттік ойындарға 850 мың литр сусын табыстайды. Салыстырар болсақ, бұл 30 темір жол цистернасы болады, – деп атап өтті «Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-Дүниежүзілік Қысқы Универсиадаға дайындық және оны өткізу жөніндегі дирекциясы» МҚ директоры Наиль Нуров.
Дирекция басшысы Универсиада 1 миллиардтан астам көрермендер аудиториясында оның серіктестерінің позициялауы үшін мүмкіндік болып табылатынын да атап өтті. Студенттер арасындағы ойындарға қызығушылықты арттыру мақсатында Coca-Cola компаниясы тарапынан сыртқы жарнама жұртшылыққа танытылатын болады.
Айта кетсек, Coca-Cola көптеген жылдар бойы Олимпиадаға қолдау көрсетіп келеді, 1928 жылы Амстердамда өткен Олимпиада ойындарына ең алғаш демеушілік еткен.
Қазақстанда компания спортты белсенді түрде қолдап келеді. 2006 жылдан бастап, жалпы Казақстан бойынша жасөспірімдер арасындағы «Coca-Cola Былғары Доп» футбол турнирін де ұйымдастыруға көмек көрсетті. Бұл турнирге 5,500 мектептен 400 мың бала қатысты, сонымен қатар Coca-Cola компаниясы Қазақстан аумағында Fuse Tea бренді атынан, «3,2,1 – старт» и «Папа, Мама, Я – активная семья» атты жыл сайынғы бүкіләлемдік олимпиадалық күн мен веложарыс өткізіп жүр.
– Біріншіден, Coca-Cola компаниясына Қазақстандағы айтулы шараға серіктес ретінде сенім білдіргені үшін Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне алғыс айтқым келеді. Қоғамның жауапты азаматы ретінде, осы елде бизнес жүргізгеніміз үшін осы мәртебелі жарыстың өтуіне атсалысуды міндет деп санаймыз. Спортпен айналысу адам өмірін жақсартады, осы айтулы дода кезінде біздің қатарға көптеген адамдардың қосылғанын қалаймыз, – дейді «Кока-Кола Алматы Боттлерс» компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс департаментінің директоры Алима Исембаева.
abai.kz