Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5218 0 пікір 15 Наурыз, 2017 сағат 09:17

Қытай Астанаға сотталған үш азаматты қайтарды

Қытай Астанаға қытайлық түрмелерде жазасын өтеп шыққан үш қазақстандықты қайтарды, деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі. Олардың кімдер екені, әрі қарайғы тағдыры туралы ештеме белгісіз.

Хабарларға қарағанда, жақын күндері Қытай тағы үш қазақстандықты қайтарып беру мәселесін қарайды. Министрлік мәліметі бойынша, қазіргі таңда Қытай түрмелерінде тоғыз қазақстандық азамат отыр.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, үш азаматты қайтару туралы келісім Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевтің осы айдың басында Қытай әділет министрінің орынбасары Лю Чжицянмен кездесуінде жасалды.

Екі ел арасында сотталған азаматтарды алмасу туралы келісім бар. Бұған дейін сотталған азаматтар бірнеше мәрте Қытайға қайтарылған еді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969