Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3926 8 пікір 5 Сәуір, 2017 сағат 15:44

ФИСУ басшысы Назарбаевқа алғыс білдірді

Халықаралық студенттік спорт федерациясының (International University Sports Federation – FISU) басшысы Олег Матыцин 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарын өткізуге қолдау білдіргені  үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

«Халықаралық студенттік спорт федерациясы атынан және жеке өз атымнан жобаға тұрақты қолдау білдіргеніңіз үшін алғыс білдіремін. Универсиада мен Қазақстан құрамасының табысы студенттік спорттың дамуына және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға орасан күш береріне сенімдімін», - делінген О.Матыциннің жеделхатында.

Сонымен бірге, федерация басшысы ойындар телеаудиториясының 70 мемлекетті қамтығанын, мұның халықаралық аренада Қазақстан беделін нығайта түскенін атап өтті. Ұйымдастыру комитеті, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан студенттік спорт федерациясының үйлесімді жұмысының арқасында Алматыда өткен бүкіләлемдік студенттік қысқы ойындардың жоғары деңгейде өткенін және Қазақстанның мультиспорттық жарыстарды ұйымдастыруға дайын екенін баса айтты.

«Көптеген шетелдік қонақтардың пікірінше, Алматыда өткен бұл шара бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындар тарихындағы ең үздік Универсиада болды. Барлығы Алматыға келген 3 мыңға жуық спортшының, ресми тұлғалардың және шетелдік қонақтардың сапарын ұмытылмастай еткен Қазақстан тұрғындарының қонақжайлылығына, кішіпейілділігіне тәнті болды», - деп жазды Матыцин.

Еске сала кетсек, 2017 жылы 29 қаңтар - 8 ақпан аралығында Алматыда ХХVIII қысқы Универсиада ойындары өтті. Оған 57 елден 2000-ға жуық спортшы қатысты. Универсиада ойындарында 12 сайыс бойынша 85 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жалпы командалық есепте 28 алтын, 27 күміс және 15 қола медаль алған Ресей құрамасы бірінші орын алды. Қазақстан 11 алтын, 8 күміс және 17 қола жеңіп алып, екінші орынға табан тіреді. Үздік үштікті 11 алтын, 5 күміс және  5 қола медальмен Оңтүстік Корея түйіндеді.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369