Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2450 0 пікір 12 Қазан, 2010 сағат 20:15

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ. Оралман балаларын өгейсітіп отырған кім?

ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВТЫҢ назарына!

Жақынғы күндерден бері қарай Алматы қаласының М.Әуезов және Алатау аудандарына қарасты мектептерге оқуға өтініш білдірген оралман балалары барған мектептерінің қабылдамай жатқандығы жайында редакциямызға жиі телефон шалуда.

Осы орайда тілшілеріміз аталған аудандардағы мектептерге бас сұғып, мәселенің мән-жайын сұраған еді. Бәрі де уағдаласқандай аудандық оқу бөлімдерінің нұсқауын екі етпейтінін, оның негізі - ҚР Білім және ғылым минстрлігіне қатысты құжаттары екенін айтқан.

Шындығында да мектеп директорларының шыр-пыр болғанындай, кінәлі олар емес, жоғарыдан түскен құжаттар екен.

Бүгінгі күндегі қазақ көшінің саябырси бастағанына қабырғамыз қайысып, алыстағы ағайынды қалай көшіріп аламыз деп алаңдап жүргенімізде, жат жұрттағы жаутаңкөздіктен қашқандай болып әзер жеткен балапандарымыздың басынан сипатпай отырған қандай құжат? Оны кім шығарды? Атқаруға итермелеп отырған кім? Қазақтың ұл-қызына қайырымсыздықпен қарайтын безбүйректердің арамызда әлі де өмір сүріп жүргені ме?! Осы сауалдар ұйқымызды қашырды. Ішкеніміз ірің, жегеніміз желім болды. Қазақ баласы, тағдыры тарыдай шашылған елдің там-тұмдап жиналып жатқан жас өскіні жылап жатса дәтің қалай шыдасын!?

Шыбын жанымыз шыр­қырап, аузымызға құс тістеп, жан алғыш жәбірейілдің есімін­­дей суық естілген «сұм» құжатты іздедік.

Алматы қаласының М.Әуезов аудандық әкімінің орынбасары Сайфеденов Сайранға, аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлсара Тілеумұханқызына жолықтық. Мәселенің түп төркіні әкімде де, директорларда емес, оларды қысқан прокурордың өктемдігінен туыпты. Аталған Алматы қалалық және Әуезов аудандық прокуратураның қолына көтергені баяғы сол ҚР Білім және ғылым минстрлігінің құжаттары екен.

Ұлардай шулатқан аталмыш құжат министрліктің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №659 бұйрығымен бекітілген екен. Құжаттың «шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды оқытуды ұйымдастыру тәртібі» аталған бөлімі бар пәленің басы болыпты. Сөйтіп ендігі жерде шеттен келген ендірме де, алыстан арып-ашып келген қандастарымыздың ұл-қыздары да бір шыбықпен шықпырта айдалып, талай бауырымыздың көз жасы көл болыпты.

Бұл үрдіс тек қана Әуезов ауданы бойынша немесе Алматы қаласы бойынша емес, ел бойынша етек алған көрінеді.

М.Әуезов аудандық білім бөлімінің бас маманы Гүлсара Тілеумұханқызының айтуынша прокуратура органының қатаң тексеруімен осы ауданның өз ішінен бір ай ішінде 69 шетелдік бала оқудан шығарылыпты. Оның біразы өз қандастарымыз екен. Шеттен келген қаазқ балалары өзінің тұрақты тіркеуі немесе сол арқылы қолға келетін оралман куәлігін алу үшін кем дегенде 2-3 ай жүгіреді екен. Демек, әлгі оқудан шыққан балалар әлі мектепке кіре алмай жүр. Немесе келген еліне қайтып кетуге мәжбүр болуда деген сөз. «Бұның бәріне кінәлі кім?» деген сауалымызға Гүлсара ханым аспан жаққа саусағын шошайтып: «Жоғары жақтан, жоғары жақтан шығарылған заң қалай болады, біз соны атқаурушылар ғанамыз. Алдымызға көз жасы көл болған талай қазақ келді. Біздің олармен бірге қосыла жылағанннан басқа дәрменіміз жоқ» -дейді.

Ендеше солқылдақ заңдар­дың сорлатуымен қанша қаазқтың көз жасы құрғамай жүргенін бір Алла біледі.

ҚР Білім және ғылым минстрлігінің тізгінін ұстап отырған азаматтар шешпесе шешілмейтін осы түйін біздің көкірегімізге де көп бұлт үйірді. Алыстан келген ағайынның баласын баурымызға тарта алмасақ елдігіміз қайсы?!

"Жас қазақ үні" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437