Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 9183 0 пікір 26 Сәуір, 2017 сағат 11:48

«Тамыры терең әліпби» атты конференция өтеді

27 сәуір күні Алматы қаласы, Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде «Тамыры терең әліпби: жалпытүркілік бірегейліктің мызғымас негізі» атты түркі жазбалары мен мәдениеті күндеріне арналған  халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ұйымдастыруымен өтетін шарада түркі жазбаларына қатысты ғалымдардың ойлары талқыға салынады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұлттық-рухани тамырдан нәр алған ұлттық жаңғырудың қайнары - түркі жазуының өткені мен бүгінін зерделеуді мақсат етеді. Сонымен қатар отандық және шетелдік  түркітанушы-ғалымдар өзара тәжірибе алмаса отырып, түркі жазба мұраларын зерттеуде соңғы жылдары қол жеткізген ғылыми табыстар баяндалады, түркі жазбаларын зерделеудегі өзекті мәселелерді шешудің  тиімді жолдарын қарастыру көзделеді.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға отандық және шетелдік (АҚШ, Түркия, Орта Азия елдері) түркітанушы-ғалымдар,  қоғамдық және гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері, ЖОО-ның оқытушы-профессорлары, жас зерттеушілер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысады.

Іс-шара түркі мәдениеті мен өнеріне арналған мерекелік концертпен аяқталады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322