КЕЛІСІМ КҮШІНЕ ЕНДІ
Еуразия экономикалық қауымдастығының мемлекетаралық кеңесінің (Кедендік одақтың жоғары органы) 2010 жылғы 21 мамырдағы №38 «Еуразия экономикалық қауымдастығы шеңберінде кедендік одақты техникалық реттеу туралы» шешіміне сәйкес 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап кеден одағы аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (бекіту) жататын өнімдердің айналымы туралы 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Келісім және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы сәйкестікті бағалау (бекіту) бойынша жұмыстарды атқаратын сертификация бағалау (бекіту) сәйкестігі) органдарының сынақ зертханаларының (орталықтары) аккредитацияларын өзара тану жөніндегі Келісім күшіне енеді.
Аталған келісімдерде Кедендік одақтың бірыңғай аумағында өнімдердің сәйкестігін бағалау (бекіту) саласындағы үйлестірілген саясаттың негізгі бағыттары анықталады, сондай-ақ Кедендік одақ тараптары сәйкестікті бағалау (бекіту) бойынша жұмыстарды атқаратын сертификация бағалау (бекіту) сәйкестігі) органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтары) аккредитацияларын тану көзделеді.

Кеден одағының кеден аумағында сәйкестікті міндетті бағалауға (бекіту) жататын өнімдердің айналымы туралы Келісімде көрсетілгендей, Кедендік одақтың бірыңғай кедендік аумағына тараптардың бірдей міндетті талаптары (соның ішінде сәйкестікті бекітетін формалары мен схемалар) қойылған өнімдер жіберіледі, егер бұл өнім кез келген тарап - мемлекеттің аумағында міндетті бекіту процедураларынан өтсе.
Аталған өнім бағытталған тараппен бірыңғай құжат (Кедендік одақ комиссиясы белгілеген сәйкестік сертификатының формасы) беріледі, бұл құжат бағытталған тараптың заңнамасы белгілеген талаптарға өнімнің сай екендігін бекітеді.
Сондай-ақ Еуразия экономикалық қауымдастығы мемлекетаралық кеңесінің (Кедендік одақтың жоғарғы органы) 2010 жылғы 18 маусымдағы «Кедендік одақты техникалық реттеу туралы» шешімімен кедендік одақтың кедендік аумағына сәйкестікті міндетті бағалауға (бекіту) жататын өнімдерді (тауарларды) енгізу тәртібі туралы Ереже (бұдан әрі Ереже) бекітілді. Ереженің 2-тармағына сәйкес өнімге (тауар) кедендік декларация беру кедендік органға белгіленген шектеулерді сақтауды бекітетін құжаттардың бірін ұсынумен жүргізіледі.
Сәйкестілік туралы осындай құжаттарға:
аумағында тауар кедендік процедуралардан өтетін мемлекеттің - кедендік одақтың мүшесінің (бұдан әрі Тараптың) заңнамасында көрсетілген сәйкестік сертификаты мен басқа құжаттар;
аумағында тауар кедендік процедуралардан өтетін Тараптың заңнамасында көрсетілген сәйкестік туралы декларация;
Кедендік одақ шеңберінде сәйкестілігіне міндетті баға беруге (бекіту) жататын бірыңғай өнімдер тізіліміне (бұдан әрі - Бірыңғай тізілім) енген тауарлардың бірыңғай формада ресімделген кедендік одақтың сәйкестік сертификаты жатады.
Басқа құжаттар деп үшінші елдерден өнімдер әкелгенде қолданатын өтініш-декларацияларды айтады.
Сонымен бірге өнімдердің Бірыңғай тізіліміне енгізілген, кедендік одақ шеңберінде сәйкестілігі міндетті түрде бағаланатын (бекітетін) өнімге бірыңғай құжаттар (бұдан әрі - Бірыңғай тізілім) беріледі, өтініш беру таңдауы бойынша сәйкестік сертификаты беріледі және бірыңғай форма бойынша декларация және (немесе кедендік одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық заңдылығына сәйкес сәйкестік сертификаты және сәйкестігі туралы декларация ресімделеді.
Бұл арада кедендік одаққа мүше мемлекеттер аумақтарында орналаспаған шетелдік дайындаушылар өнімдеріне кедендік одаққа мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес сәйкестік сертификаты немесе сәйкестілік туралы декларация немесе бірыңғай формадағы сәйкестілік сертификаты ресімделеді.
Бірыңғай тізілімге енбеген өнім кедендік одақ мүшелері-мемлекеттердің ұлттық заңнамасымен сәйкестікті міндетті бағалауға (бекіту) жатады.
Сонымен бірге мынаны еске саламыз: Өтініш-декларация кедендік рәсімдеу үшін уақытша құжат ретінде 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін сәйкестікті бекіту бойынша органда тіркеуден өтеді. Осыдан кейін бұл құжаттың күші жойылады және ЕурАзЭС техникалық регламентіне сәйкестігін анықтайтын сәйкестікті бекіту құжаттары (сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар) беріледі.