Лондондағы терактіге жауапкершілікті "Ислам мемлекеті" алды
«Ислам мемлекеті» экстремистік тобы 3 маусымда Лондонда болған террористік шабуылды мойнына алды. Терактіден жеті адам қаза тауып, 48-і жараланды. Бірқатары "өте ауыр жағдайда жатыр". Британская полиция на востоке Лондона задержала 12 подозреваемых в причастности к теракту, которая унесла устроенному в ночь на воскресенье.
Полиция шабуыл жасаған үш террористің де "жанкешті белдігі" болған, бірақ онда жарылғыш зат болмаған дейді. Олар мүмкіндігінше халық арасында үрей туғызып, әбігерге түсірмек болған.
Скотленд-Ярд өкілінің сөздеріне қарағанда, шабуылдаушыларға қарсы сегіз полиция қызметкері жұмыс істеген. Олар кемінде террористерге қарсы 50 рет оқ атып, үшеуін де өлтірген. Атыс кезінде өтіп бара жатқан адамға оқ тиген.
3 маусым кешкісін микроавтобус Лондон көпірінің үстінде адамдарды басып өтті. Одан шыққан үш адам қолдарындағы пышақпен халыққа қарсы ұмтылған.
Абай-ақпарат