ЕҚЫҰ қонақтары мен қатысушыларына ЕҰУ-дің 200-ден астам студенті волонтерлік қызмет көрсетеді
Астана. қараша. ҚазТАГ – Арсен Бектасов. ЕҚЫҰ ресми делегацияларына Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық мемлекеттік Университет (ЕҰУ) студенттері волонтерлік қызмет көрсетеді, деп университеттің ректоры Бақытжан Әбдраим мәлім етті.
«ЕҚЫҰ саммитін өткізуге байланысты қонақтарды қарсы алуымыз керек, гид, тіпті кейде даяшы ретінде де олармен бірге болуылары керек. Бұл волонтерлік жұмыс ЕҰУ-ге жүктелген. Волонтерлердің (университеттің – ҚазТАГ) жалпы саны – 200 студенттен асады», - деді Б. Әбдраим сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, қонақтарға қызмет көрсететін студенттерді іріктеу жұмысы бірнеше ай бойына созылды. Шет тілдерін жақсы білетін студенттерден алғашқы топ құрылып, одан волонтерлер іріктелді.
«Іріктеліп алынған студенттердің барлығы өте жақсы білім көрсетіп отыр, бірнеше шет тілін біледі... (Қазіргі уақытта – ҚазТАГ) студенттердің жеткілікті саны (2010-шы жылғы1-2 желтоқсандағы) жоғарғы мәртебелі қонақтарды қарсы алуға жұмылдырылған», - дейді университет ректоры.