Қазақстан мен Өзбекстан әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды
Ташкентте қорғаныс министрлері деңгейіндегі кездесуде Қазақстан мен Өзбекстан әскери ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, көрші елдер арасында мұндай құжат бірінші рет бекітілген.
«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, жоспарға сәйкес тараптар бірлесіп әскери дайындықтар өткізіп, сарбаздардың әскери білімін көтереді.
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтің өлімінен кейін, Орталық Азиядағы екі ірі мемлекет арасындағы байланыс нығайа түсті. Атап айтқанда, Астана мен Ташкент бұған дейін шекарадағы өткізу бекеттерін кеңейту жөнінде келісімге келген.
Abai.kz