Ардабек СОЛДАТБАЙ. Саяси қойылымның сайыпқырандары
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы аяқталып келе жатқанымен билік партиясының жар-жары аяқталар емес. «Нұр Отан» партиясы елде жариялылық пен ашықтықтың орнауына «атсалысып» жатқандарын айғақтай түсу үшін партия мүшелері арасында өз табыстары туралы декларация жариялау акциясын дүркін-дүркін өткізіп тұрады. «Өзіңнен баста!» Атағы дардай акциясының айтары шамалы-ақ. «Нұр Отанның» жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов те мұны мойындайды. Оның айтуынша, парламент депутаттары мен облыс әкімдерінің бірде бірі акцияны қолдап, табыстары туралы декларация тапсыруға ынта білдірмепті. Бар болғаны екі әкім мен бір мемлекеттік агенттіктің төрағасы ғана табыстары мен мүліктері туралы ақпарат беріпті.
Акция республикалық деңгейде былтырдан бері өткізіліп келеді. Биыл интрнетте және БАҚ-тарда 1861 мемлекеттік қызметкер өз табыстары жайлы декларация жариялаған. Өткен жылы бұдан үш есе аз болатын.
Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалығы аяқталып келе жатқанымен билік партиясының жар-жары аяқталар емес. «Нұр Отан» партиясы елде жариялылық пен ашықтықтың орнауына «атсалысып» жатқандарын айғақтай түсу үшін партия мүшелері арасында өз табыстары туралы декларация жариялау акциясын дүркін-дүркін өткізіп тұрады. «Өзіңнен баста!» Атағы дардай акциясының айтары шамалы-ақ. «Нұр Отанның» жанындағы жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы, сенатор Оралбай Әбдікәрімов те мұны мойындайды. Оның айтуынша, парламент депутаттары мен облыс әкімдерінің бірде бірі акцияны қолдап, табыстары туралы декларация тапсыруға ынта білдірмепті. Бар болғаны екі әкім мен бір мемлекеттік агенттіктің төрағасы ғана табыстары мен мүліктері туралы ақпарат беріпті.
Акция республикалық деңгейде былтырдан бері өткізіліп келеді. Биыл интрнетте және БАҚ-тарда 1861 мемлекеттік қызметкер өз табыстары жайлы декларация жариялаған. Өткен жылы бұдан үш есе аз болатын.
Негізінен қала және аудан әкімдері, аумақтық басқарма басшылары, ауыл әкімдері және олардың орынбасарлары, облыс әкімінің орынбасары 10 адам акцияға атсалысқан. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында белсенділік жоғары. Дегенмен, акцияға қатысушылардың көбі мұны басшылықтың нұсқауымен істегені анық. Өйткені бізде биліктің бишігі қатты тиеді. Қарағанды облысы мен Астана қаласының бірде бір мемлекеттік қызметкері декларация жарияламаған, ал Алматыда бар болғаны 1, Маңғыстау облысында 6 адам ғана акцияны қолдаған. Ал, осы төрт аймақ халық саны жағынан да, экономикалық және әлеуметтік әлеуеті жағынан да көшбасшы.
Билік партиясы «Нұр Отанның» аймақтық ұйымдарын облыс әкімдері, бірінші орынбасарлары басқарады. Әрине, партияның «пірәдарлары» өздерінен бастамаған соң, акцияның аясы қайдан кеңісін. Мұның саяси ойын екені, жемқорлықтың түп-тамырына балта шаппай ашықтық пен жариялылықтың ауылы алыс екенін түсінетін кезіміз болды ғой.
Декларация жариялай қалған күннің өзінде ағынан жарылып ақиқатты айтатындар аз шығар. Мәселен, ел бойынша өтіп жатқан осы акция алғаш 2008 жылы Павлодарда басталған болатын. Партияның облыстық филиалының төрағасы, сол кездегі облыс әкімі Александр Вербняк өзіне жүктелген міндетті орындау үшін журналистерді жинап алып табысы мен мүлігі жайлы айтып берді. Айтып берді дегенмен бастан-аяқ қобалжып, өз өтірігін өзі ашып алмайын деп қатты қорқып отырды. Хош, «ағынан жарылған» Александр ағамыз өзінің биік дуалдың ар жағында үлкен үйде тұратынын жасырмады. Бірақ, ол үйді әйелі екеуінің 20 жыл жинаған ақшасына салыпты. Құрылыс материалдарының бәрі ескі екен. Солай арзандау түскен. Сол үйін ақшасы аз болып әлі салып бітіре алмай жатыр-мыс. Үйі үлкен болғанымен салтанаты кем көрінеді. Хауыз, қысқы бақ, терраса секілді жетістіктері жоқ екен. Астындағы «Ландкрузер - Прадо» маркалы көлігіне де «итшілеп» жүріп әзер ие болыпты. Ал үйдегі әйелінің атындағы «Мерседес» ұлына тиесілі екен. Әйелінің атына жазылғаны болмаса ұлы оны өз ақшасына сатып алып Германиядан айдап келіпті. Байғұс Вербняктың басқа ештемесі жоқ екен.
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Орынбасардың қара тер болып отырып «қоясын ақтарғаны» о бастан күдік тудырған журналистер ескі құрылыс материалдарынан салынып, әлі аяқталмай жатқан, хауызы, қысқы бағы, терраса секілді тамашалары жоқ үйін барып көрейік деп еді «менің азаматтық құқыма қол сұға алмайсыңдар. Айтқанға сеніңдер, ал биік дуалдың ар жағына аяқтарыңды аттап бастырмаймын» деп бір-ақ қайырды. Керекулік тілші қауым сол кезде-ақ мұның «Нұр Отанның» мүшелерінің қатысуымен өтетін кезекті «спектакль» екенін білген. Білген де күлген. Бірақ бұл «саяси қойылымды» ЕҚЫҰ-ның алдында «ойнайтыны» үш ұйықтасам түсіме кірмепті.
Әлгі адам кіре алмайтын биік дуалдың ар жағында «жаппада» тұрып жатқан А.Вербняк туралы биыл қазан айында Үкімет басшысының блогында айпара ақпарат жарияланды. Әкімнің орынбасарының оспадарсыз қылықтарына күйінген кәсіпкер облыс жұртшылығына бұрыннан белгілі жайтты енді жоғары биліктің құлағына жеткізгісі келіпті. Кәсіпкер Алексей Белов Үкімет басшысына А.Вербняк, қала әкімінің орынбасары О. Крук және облыстық мәслихаттың депутаты, «Стальмонтаж» фирмасының иесі А.Терентьев «үштігінің» тендерді бюджет қаржысын жымқырудың төте жолына айналдырып алғанын жазады. Сондай-ақ, үшеуінің де қос азаматтығы барлығын, А.Вербняктың барлық туған-туыстарының Краснодар өлкесінде тұратынын, үшеуінің де шетелдегі есеп-шоттарында миллиондаған қаржысы бар екенін, Ресей азаматтығы болғандықтан кез келген уақытта елден тайып тұруға дайын екенін айтады. Қараңыз, http://primeminister.government.kz/blogs/masimov_k/questions/53771
Әрине, тыңдайтын құлақ болса мұнда талай нәрселер айтылыпты. Бірақ «Өзіңнен баста» атты «қойылымның» ең белсенді мүшелеріне халық сенбесе де билік сенеді. Сенгені сол емей немене, атағы талай жерге барған «қасқырға» қойды сеніп тапсырды. Облыс әкімінің өкімімен жақында А.Вербняк Екібастұз қаласына әкім болып тағайындалды. Еліміздің электр қуатының елеулі бөлігін өндіретін индустриялы өлкеде бұрыннан қазақстан-ресей бірлескені кәсіпорындары аз емес. Қолында Ресей азаматтығы бар А.Вербняк енді алаңсыз мол табысқа кенелетін шығар. Жалпы, А.Вербняк мемлекеттік қызметке баюдың кілті деп қарайтындардың қатарында. Ол 1995 жылға дейін мемлекеттік қызметте істемеген. Ақша қуған жеке кәсіпкер қызды-қыздымен қаржының таусылмас көзі - бюджет деген «қазанның» қақпақшысы болып шыға келген.
Табысым жайлы декларация жарияласам ұрлап-жырлап алған бес-он тиынымды жұртқа білдіріп алармын деп жапырақша қалтырағандарға қарап «беу, Вребняк құрлы болмадыңдар-ау» дегім келеді. Әне, келді де өтірікті шындай, ақсақты тыңдай қылып әңгімесін айтып берді. Ең бастысы ролін ойнап шықты. Есесіне, «шығармашылық сыйақыға» қарық болды. Ал, ЕҚЫҰ деген немене? Бүгін бар, ертең жоқ. Өйтіп-бүйтіп алдап-сулап есіктен шығарып саламыз. Тек қойлымдарды дұрыс ойнап, әләуләйімді халәуләйімге жалғасырып отыру керек.
Міне, солай!
http://www.masa.kz/article/view/id/419