Қасқабас Қазақ. Еврейлер немістерді кешіре алмады. Ал қазақтар орыстарды кешіре ме?
Израильдің «Гаарец» газеті осы елде тұратын еврейлердің басым көпшілігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі немістердің оларға жасаған қылмыстарын, зорлық-зомбылығын кешіруге болмайды деген пікірде отырғаны туралы хабарлайды. Бұны басылым Академиялық зерттеу орталығының тапсырысымен Геокартография институты өткізген сауалнаманың деректеріне сүйеніп жазып отыр.
Аталмыш институттың қызметкерлері кәмелетке толған Израиль азаматтарына «Холокостты жасағаны үшін Германияны кешіретін уақыт келді ме?» деген ашық сауал қойыпты. Сөйтсе, бұл сұраққа респонденттердің 51 пайызы үзілді-кесілді түрде «Жоқ» деп жауап беріпті. Респонденттердің 19 пайызы немістерді белгілі бір дәрежеде ғана кешіруге болады десе, тағы 7 пайызы жауапсыз қалыпты. Немістерді кешіретін кез келді дейтіндердің саны 23 пайыздан аспаған көрінеді.
Өздеріңіз көріп отырғандай, сұм соғыстың аяқталғанына жетпіс жыл толғанына қарамастан еврей халқы өздерінің алты миллион қандастарын концентрациялық лагерлерде қырған гитлерлік Германияны кешіруге дайын емес сияқты.
Ал қазақтар ше? Өз халқының алпыстан астам пайызын қырған коммунистік, тоталитарлық Ресейді кешіруге дайын ба? Бүгінгі замандастарымыздың «кешегі заманды», Кеңестер Одағын, коммунистік идеологияны аңсап, қағаздай жыртылуының артында не тұр? Ессіздік пе? Рухсыздық па? Намыстың жоқтығы ма?
Алашшыл болайық, абай болайық, ағайын!