Жұма, 27 Қыркүйек 2024
4542 1 пікір 4 Қыркүйек, 2017 сағат 09:11

Трамп Солтүстік Кореяға қарсы күш қолданылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік КОрея сутегі бомбасын сынаған соң, Пхеньянға қарсы әскери күш қолданылуы мүмкін екендігін жоққа шығармады. Журналистердің осыған қатысты сұрағына Трамп: "Көреміз", - деп жауап берген.

Президенттің Twitter шағын блогында қалдырған жазбасына қарағанда, АҚШ Солтүстік Кореямен бизнес жүргізетін кез келген елмен қарым-қатынасын доғарады.

АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучиннің мәлімдеуінге, Пхеньянға қатысты жаңа санкциялар жинағын ұсынуды көздеп отыр. Fox News телеарнасына берген сұхбатында ол Трампты Солтүстік Кореямен сауданы тоқтатуға көңіл бөлуге шақырды.

Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай басшысы Си Цзиньпинь Корей түбегін ядролық қарудан тазалауға күш салатындарын мәлімдеді. Сонымен бірге Путин телефон арқылы Жапония премьер-минстрі Синдзо Абэмен сөйлесіп, аймақтағы жағдайды талқылаған.

3 қыркүйекте Солтүстік КОрея сутегі бомбасын сынақтан өткізгенін жариялады. Пхеньян сынақ сәтті өтті деп мәлімдеді. Солтүстік Кореяның Орталық телевизиясының хабарлауынша, оны құрлықаралық баллистикалық зымырандарға орнатуды көздеп отыр.

Abai.kz

1 пікір