СҚО полициясына 10 айда әйелдерге қатысты қылмыс туралы 885 арыз түскен
Петропавл. 26 қараша. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысының (СҚО) полициясына жыл басынан бері әйелдерге қатысты қылмыс туралы 885 арыз түскен, ал былтыр осы аралықта олардың саны 979 болған, деп облыстық ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Қайрат Тәженов мәлім етті.
Оның айтуынша, отбасылық-тұрмыстық салада 39 (былтыр 41) қылмыс тіркеліп, 411 (439) қылмыстық іс қозғалған, тараптардың бітімгершілікке келуі мен айыбы дәлелденбегендіктен 380 (396) іс кері қайтарылған.
«10 айда облыстық ІІД әйелдерге қатысты зорлыққа қарсы күрес бөлімшесі әйелдердің құқығының бұзылғандығы туралы 684 шағым мен арыздарды қарап, әйелдерге қатысты зорлықтың 610 фактісін анықтадын. Бұл былтырғы осындай аралықпен салыстырғанда 12,7 %-ға көп», - деді Қ. Тәженов жұма күнгі брифингте.
Полицейлер шағым мен арыздардың артуын заңнамалық актілерге енгізілген өзгертулермен байланыстырып отыр, атап айтқанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексіндегі отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқыққа қайшы келетін әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырған 79-5 бабына байланысты болып отыр дейді.
«Полицияға әйелдер көптеп жүгіне бастады, себебі нақты қорғанды сезінді», - дейді Патропавлдың ІІД қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің әйелдерді зорлықтан қорғау тобының аға инспекторы Гүлмира Нұрғалиева.

Полицейлердің мәліметтерінше, ағымдағы жылы отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынаста құқыққа қайшы келетін әрекеттері үшін 1904 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 1119 адам қамауға алынды, 299 адамға әкімшілік айыппұл салынды.
Одан басқа, жыл басынан бері әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауының 26 фактісі (2009-шы жылы – 42) тіркелді. Әйелдердің өз-өзіне қол жұмсауының себептері - жеке өміріндегі сәтсіздік пен тұрмыстық және әлеуметтік өмірін жөнге келтіре алмағандықтан дейді мамандар.