Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3101 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 10:48

Нұра Матай. Оралмандар және олардың Отаны

Көші-қон комитеті де көзі ашылмай-ақ қойды, әйтеуір. Біресе, комитеттің басшысы атажұртына келген туыстарына сауатсызсыңдар деп қорлайды, біресе шетелден көшіріп алуы тиісті қазақтардың үкімет белгілеген саны игерілмей қалады. Кіндік жұртына көшіп келген қауым  қағазбастылық пен бюрократиядан итсілкпеміз шықты деп зар илейді. Енді міне, көші-қон комитеті де келмеске кетіп, оның құзырын көші-қон полициясы алып жатыр. Әр министрліктің босағасында телмірген көші-қонның құзырлы орны да оралманның күйін кешіп кетті. Не әрі емес, не бері емес сергелдеңге түскен агенттіктің шаруасы шатқаяқтап кеткенінің зардабын қыстың көзі қырауда тағы да оралмандар тартып жатыр.

Ақтау қаласындағы оралмандарды бейімдеу орталығынан 5 отбасы осы жерден ешқайда кетпейміз деп отыр. Қандастарымыз әлі күнге мемлекеттен берілетін квотаны алмаған. Ал, квота беру уақытша тоқтатылған. Себебі, бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарап келген көші-қон комитеті құқықтық саладағы реформаға байланысты ішкі істер министрлігіне қарап кетті. Көші-қонның құзырын көші-қон полициясы өзіне алып болғанша, оралмандардың күйіп бара жатқан ісі болса да, күте тұрады деген сөз.

Ақтаудағы бейімдеу орталығынан кеткісі келмей отырған оралмандардың отбасы «Балалы-шағалымыз. Тіл білмейміз. Пәтер жалдап тұратын ақшамызда жоқ», деп отыр. Алайда, Маңғыстау облысы бойынша, оралмандарды бейімдеу орталығының басшысы Шапай Әбілов «Бұл жерде үнемі тұруға болмайды. Мұнда бәрі тегін. Оны үкімет ұстап тұра алмайды» депті. Сонда бұған кім кінәлі? Құқықтық реформаға көші-қонды араластырған билік пе? Бейімдеу орталығын қаржыландыра алмайтын үкімет пе? Жоқ әлде Отаным деп көшіп келген оралман ба?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371