Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3145 0 пікір 6 Желтоқсан, 2010 сағат 06:31

Ермек Қарабала. Зымырандардың айналасындағы зымиян саясат

Соңғы кездері орыс зымырандарының немесе олардың қалдықтарының қазақ жеріне топырлап құлауы кәдімгі бір үйреншікті дүниеге айналып кеткен сияқты. Қазақ қоғамы да, билігі де әбден үйреніп, көндігіп қалды. Әрі кетсе екі-үш қазақ басылымы шулап, жергілікті белсенділер қыруар экологиялық не материалдық шығын келді деп бір тулап қалады. Ресейің болса, «мына Чуркестанда бізге ештеңе де істей алмайсыңдар» деп мұрнын шүйіріп жүре береді.

Екі айда бір рет Сарыарқаның кең төсіне келіп қонатын ғарышкерлер ұлттың «мақтанышына» айналғанына қай заман. Ал сол ғарышкерлер мінген зымырандардың Байқоңырдан ұшырылуы, олардың бірінші және екінші сатыларының Қазақстанға құлап жатуы ешкімді алаңдата бермейді. Әрбір ұшырылымнан кейін еліміздегі ауа-райының бұзылуы, жер мен ауаға тараған улы химиялық қоспалардың түсуі, радиациялық, экологиялық зардаптың мөлшері дегендерді кешенді түрде зерттеп жатқан арнайы республикалық мекеме де жоқ болар. Ол шығындарды өтеуге міндетті, мүдделі мемлекеттің жоқ екенін айтпай-ақ қоялық.

Еліміздің батысындағы Капустин Яр, орталығындағы Сарышаған полигондарының әңгімесі бір төбе. Мысалы, кеше ғана Ресей армиясы құрлықаралық РС-12М "Тополь" баллистикалық зымыранының сынақтарын өткізді. Түнгі 01.11-де Капустин Ярдан ұшқан зымыран араға бірнеше минут салып Сарышағандағы полигонға түсіп жарылды. Орыс әскерилері «сынақ тамаша өтті» деп Америкамен ұстасып жатқан басшыларын қуантты. «Тамаша өтпегендері» Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының елді-мекендерінің үстіне құлап жатыр. «Тамашасынан» «тамаша емесі» әлдеқайда басымырақ. Әйтеуір, тікелей адам шығыны болмағанына шүкір дейміз. Әзірге...

Кремль әлсін-әлсін қазақ үкіметін «Байқоңырдан кетіп, бөлек ғарыш айлағын ашамыз» деп қорқытып жатады. Ол әңгімелеріне жиырма жылдай болды. Кетер емес. Кеткісі де жоқ. Ресейдің Стратегиялық мақсаттағы зымыран әскерлерінің басшылығы «Для испытания элементов боевого оснащения баллистических ракет полигон «Капустин Яр» является уникальным. Только его испытательные трассы и полигонный измерительный комплекс позволяют испытывать перспективное боевое оснащение во всём диапазоне его доставки к целям» деген пікірде. «Испытательный трассасы» - біздің Қазақстан. Біздікі ме, осы?

Ресей, политрук Клочков айтпақшы, көкірек керу үшін «кең екен», алайда, зымырандардың сынақтарын өткізу үшін тар мекен. Барлығына еті үйреніп, көндігіп қалған қазақ аборигендері тұрғанда өз жеріміз бен ормандарымызды ластап қайтеміз деп отырған болар ресейлік генералдар. Кейбіреуі, тіпті, жұмыссыз жүрген қазақтарды қарық қылып жатырмыз дейтін болар. Біздің арқамызда улы болса да темір-терсек жинап, нан тауып жүр деп шіренетін де шығар.

Тағы бір үлкен саяси мәселе бар. Өз жерін өзге елдің «сынақ трассасына» айналдырған мемлекетті тәуелсіз деуге бола ма? Сарышағаннан ұшқан зымыран Астана мен Алматыға екі-үш минутта жететінін ескерсек, біздің қалаларымыз бен кенттеріміз тиісті дәрежеде әскери тұрғыдан қорғалып отыр деуге келе ме? Соңғы елу жылда Қазақ жерінде жүздеген атом бомбасын, мыңдаған зымырандарды жарған ресейлік әскерилер, ертең бірдеңе бола қалса, кез-келген қаланы көздемей ататын болар, сірә. Миллиондаған гектар жерлердің уланып, қолданыстан шығып жатқаны қалай? Ол жерлерге дәстүрлі мал шаруашылығын дамытатын оралмандарды неге әкелмеске? Неге шыбындай қырылып жатқан киіктер мен басқа да жан-жануарларды сақтайтын табиғи қорықтар ашпасқа? Айналып келгенде, Ресейдің біздің жеріміздегі алты полигонға төлеп жатқан тиындары олардан келіп жатқан материалдық, экологиялық, радиациялық, рухани шығындарды мүлдем өтей алмайды. Түбі орыс әскері Қазақстаннан кеткен күннің өзінде де артынан ол жерлерді рекультивациялау үшін миллиардтаған қаржы салатынымыз хақ. Семей полигонындағы ядролық қалдықтардың табиғи түрде жойылуы үшін он мың жыл керек екені белгілі. Полигондар жабылмай - қазақ елі азат бола алмайды.

Абай болайық, ағайын!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392