Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4584 7 пікір 4 Желтоқсан, 2017 сағат 17:13

Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты.

Осыдан сәл ертеректе Сейітқазы Матаев мерзімінен бұрын бостандыққа шығатыны туралы хабарлағанбыз.

Сейітқазы Матаевтың адвокаттары оның жазасын өтеу мекемесіндегі оң мінездемесі үшін және қазан айының соңында Матаевтың 63-ке, яғни зейнет жасына келгенін алға тартып, мерзімінен бұрын бостандыққа шығаруды сұраған болатын.

Сондай-ақ іс материалдарына жаза өтеушінің денсаулығының нашарлай түскені туралы дәрігерлердің анықтамасы да енген. Матаевтың өзі  сот отырысына видеоконференция арқылы қосылды. Ол жазасын  ЛА155 ТЕ 14 колониясында өтеді.  Нәтижесінде, сот қорғаушы тараптың шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шағымын қанағаттандырды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366