Сенбі, 23 Қараша 2024
5556 19 пікір 14 Желтоқсан, 2017 сағат 11:36

Экс-депутат Айгүл Соловьева жезөкшелікті заңдастыруды ұсынды

Экс-депутат Айгүл Соловьева жезөкшелікті заңдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды "Еуразия" телеарнасы. Өйткені өркениеті мен мәдениеті дамыған кей мемлекеттерде тәнін сатып, нәпақа тапқандармен күресіп әуре болмайды, керісінше салық төлетеді деген пікірде Соловьева.

Интим қызметін ұсынатындар ашықтан-ашық ұсыныс білдіре алмай, "массаж жасаймыз" деген жамылғы сөз арқылы да бұл істерін жүргізуде. Сондықтан олардың әрекетін заңдастыру арқылы ғана реттей аламыз дейді бұрынғы депутат ханым.

"Бұл жезөкшелікке ешқандай үгіт-насихат жасап жатқан жоқпыз. Ал, реттеуге тырысып жатырмыз. Жас қыздар онсыз да сол шырмауға араласып кетіп жатыр. Кейбірі тіпті құл ретінде қызмет көрсетеді. Міне сол себептен осыны салық салу арқылы заңды түрде қолға алу керек деп ойлаймын", - экс-депутат Айгүл Соловьева.

Алайда бұл ұсынысқа билікте отырған бүгінгі депутаттар қарсылық білдірді.

"Заңдастыру керек емес. Өйткені, бұл болмауы керек секілді. Оны өзі болдырмау керек" - ҚР Парламенті сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов.

"Біз мына рухани жұмысты тереңінен кеңірек жүргізуіміз керек. Сонда бәрі өзінен-өзі шешіледі", - дейді ҚР Парламенті сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев.

Дегенімен, көше бикештері мен олардың жеңгетайлары мұны құп көріп отыр. Қашып жүруден шаршаған секілді. Сол үшін қазірден салық төлеп, қартайғанда ел қатарлы зейнетақы алуға ниетті.

"Ондай заң шығып жатса, дұрыс деп ойлаймын. Өйткені, тапқан ақшамызды налогқа бер деп жатса береміз. Біз бір жағынан еркін жүре аламыз. Ешкім бізге тиіспейді", - дейді Сабина.

"Легализует девочки будут налоги платить и все будет нормально по-моему" - дейді Света Тураева.

Abai.kz

19 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434