Дүйсенбі, 28 Қазан 2024
Көршінің көлеңкесі 4042 4 пікір 19 Желтоқсан, 2017 сағат 15:14

Қырғызстанда билік басындағы партияны Атамбаев басқармақ

Қырғызстанның Социал-демократиялық партиясы (ҚСДП) 2018 жылдың қаңтар айында съезд өткізіп, партия лидерін сайламақшы.

ҚСДП төраға орынбасары, президент әкімшілігінің жетекшісі Фарид Ниязовтың хабарлауынша, әзірге тек бір ғана кандидатура – экс-президент Алмазбек Атамбаевты ұсыну қарастырылып жатыр.

"ҚСДП-да басқа үміткер жоқ. Өзін ұсынам деушілерге шектеу жоқ. Бірақ партия бір ауыздан Алмазбек Атамбаевты қолдап отыр", - деді ол.

ҚСДП – Қырғызстандағы билік партиясы. Алмазбек Атамбаев президент болып тұрғанда, партияны Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы Чыныбай Турсунбеков пен Фарид Ниязов басқарған. Бірақ олардың бірі де партияның лидері емес.

Алмазбек Атамбаевтың ел президенті ретіндегі өкілеттігі биыл 24 қарашада аяқталған.

Abai.kz

4 пікір