Сейсенбі, 26 Қараша 2024
«Соқыр» Фемида 8232 26 пікір 10 Қаңтар, 2018 сағат 09:16

Қазақтар Қазақстанда диаспора болса, мына ел мен жердің иесі кім?

"Қазақтар Қазақстанда диаспора ма?" деген ашық хатымды бұдан бір жарым жыл бұрын, яғни 2016 жылдың тамыз айында жариялағанмын. Кезінде еліміздің көптеген БАҚ-тарында жарияланды. Бірақ, Қазақстанның орыс тілді билігі тарапынан ешқандай қозғалыс болған жоқ. Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген менің заңды құқығым ескерілмей Ашық Хатыма жауап та берілмеді. Сол хаттың мәтіні мынау:

ҚАЗАҚТАР ҚАЗАҚСТАНДА ДИАСПОРА МА?

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңынан 2008.21.11» үзінді:

1-бап. Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
диаспора - өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық);

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi.
Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы.

Үкiмет, өзге де мемлекеттiк, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар: Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiлдi барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға;

Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;

қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi

(Заң мәтіні «Әділет заң» газетінен (http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_) алынды).

Мына заңда көрсетілгендей, қазақтар Қазақстанда диаспора болса, мына ел мен жердің иесі кім? Осылайша Атамекен туған жерімізге ие бола алмай диаспора атанып жүре береміз бе? Мұның арты неге апарып соғады. Әлде Қазақстанның жерін шетелге сатып жіберіп, шынымен диаспораға айналып кеттік пе?

Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы, Маңғыстау

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3315
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019