Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
Анық 4658 4 пікір 11 Қаңтар, 2018 сағат 11:17

16 қаңтарда Назарбаев пен Трамп кездеседі

АҚШ президенті Дональд Трамп 16 қаңтарда Ақ үйде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі деп хабарлады Ақ үй.

9 қаңтарда Ақ үй таратқан хабарламада «екі елдің лидері аймақтық қауіпсіздік және экономикалық ынтымақтастық мәселесінде стратегиялық әріптестіктің кеңеюі мен нығаюын талқылайды» делінген.

Біріккен Ұлттар Ұйымындағы (БҰҰ) Қазақстан елшісі Қайрат Омаров 1 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде айсайынғы ротациялы жаңарып тұратын төрағалықты қабылдады. Оның бақылауында Ирандағы наразылық акциялары мен өзге де мәселелер өтті. Ақ үй Трамп пен Назарбаев кездесуінде Ауғанстандағы жағдайдың да сөз болатынын айтты.

9 қаңтарда Назарбаев Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездескен.

Қазақстанда америкалықтардың қатысуымен 500 компания жұмыс істейді. Оның 140-ы бірлескен кәсіпорын. Олар тауар өндіріп, оны экспорттаумен айналысады.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 525
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2336
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2028
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1155