Сейсенбі, 22 Сәуір 2025
Білгенге маржан 7688 0 пікір 15 Қаңтар, 2018 сағат 10:11

Франция президенті Макронның эротикалық романы

Францияның қазіргі президенті Эмманюэль Макрон 16 жасында өзінің мұғалімі Бриджитке арнап эротикалық роман жазғаны анықталды, ол кейін сол әйелге үйленді. Бұл жөнінде жақында жарыққа шығатын президенттің әйелінің биографиясына сілтеме жасап Closer журналы жазды.

Кітапта Макронның көршісінің сөзі келтірілген, ол 1993 жылдары мәтін теру арқылы ақша тапқан көрінеді. "Бірде ол 300 беттік кітапты теріп беруімді өтінді, ол сол кезде жазып бітірген екен. Ол мықты роман болатын, қызықты! Есімдер әрине ойдан шығарылған, бірақ, менің ойымша, ол сол кездегі сезімін көрсеткісі келген", - делінген биографияда.

Францияның бірінші ханымы туралы кітап 17 қаңтарда сатылымға шығады.

Эмманюэль Макрон мектепте француз тілінен сабақ берген, театр үйірмесін жүргізген Бриджитке 2007 жылы үйленді. Lenta.ru мәліметтеріне қарағанда, Франция президентінің жұбайы өзінен 24 жас үлкен. Олардың ортақ баласы жоқ, бірақ Макрон әйелінің бірінші некеде туған бір ұлы мен екі қызын асырап алды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2112
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4983
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4221