Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5350 30 пікір 2 Ақпан, 2018 сағат 13:24

Ресейге салынатын санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ

АҚШ санкциясының салқыны Қазақстанға тимейді. Бұл АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Жорж Кроллдың айтқаны.

«Ресейге бағытталған санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл Қазақстанға емес, тікелей Ресейге қарсы жүргізіліп отырған саясат.  Ал енді бұл санкцияның Қазақстан экономикасына әсеріне келер болсақ, аз-кем уайым бар. Сондықтан біз қазақстандық әріптестерімізбен бұл мәселені талқылап, ортақ шешім табамыз деп келістік»,-дейді Жорож Кролл мырза.

Жорж Кролл: Ресейге салынатын санкцияның Қазақстанға еш қатысы жоқ

Тіпті қазірдің өзінде екіжақты талықаулар жүріп жатса керек. Елші мырза санкция соғысында Қазақстанды айналып өтудің жолдарын қарастырып жатқанын жеткізді.

«Біз қазір қазақстандық әріптестерімізбен сөйлесіп жатырмыз, бұл заңнамалар қалай жүзеге асады,  Ресейге салынатын бұл санкциялардың Қазақстанға кері әсері, ондағы бизнеске кері әсері, мұндағы Америкалық кәсіпкерлердің жұмысына да ыпалына қатысты әлі де ақылдасатын шаруалар бар»,-деп түйіндейді АҚШ Елшісі.

Өткен аптада АҚШ-тың Қаржы министрлігі санкция туралы жаңа заңға сәйкес «Кремль тізімін» жариялаған еді. Оған  ұзын-ырғасы орыстың 210 шенеунігі мен бай-манабы енді.

Мысалы, премьер-министр Дмитрий Медведевтен тартып, ең соңы Мәскеудің мэрі Сергей Собянинге дейінгінің барлығы бар. Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков пен  Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та осы қара тізімде.

Бұған қоса, Путинмен аралас-құраластығы, құда-жегжаттығы бар деген олигархтары да қара тізімге еніпті. Олардың қатарында Әлішер Османов, Роман Абрамовичтер де бар.

Жалпы, конгреске жіберілген баяндамадағы тізімде қаржылық әлеуеті  $1 млрд-тан жоғары 96 ірі бизнесмен мен 114 шенеунік, мемлекеттік компаниялардың басшылары бар. Бұндай тізімді, тіпті, орыс оппозициясының өзі күтпесе керек, қазір ресейлік БАҚ әне-міне санкцияға енетін екі жүз онның жайын қызу талқылап жатыр. Бұл тізімде Ресей басшысы Владимир Путиннің қолтық-қойынында жүрген олигархтар мен оның Үкіметтегі командасы түгел дерлік енген.

Ал Путин жақында мынадай мәлімдеме жасады. Мұнысы мәлімдеме дауге келмейді. Дегенмен, Кремль қожайынының аузынан шыққан сөз бұл.

Владимир Путин: Бұл тізімде 146 миллион Ресей азаматы бар

«Анау тізімге келер болсақ, Презиент әкімшілігі түгел дерлік енген. Оған қоса Үкімет командасы, бизнесмендер жүр... Сол тізімдегі әр адамның артында қарапайым Ресей халқы тұр. Анау бизнесмендерде жұмыс жасайтындар Ресей халқы. Демек, біздің барлығымызды, яғни 146 миллион адамды қайдағы бір тізімге енгізіп қойыпты. Мен түсінбеймен, мұның не керегі бар екенін», - дейді Владимир Путин.

Бұл тізім – «Путиннің тізімі» деп аталады бейресми.  Онда Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев пен Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бар. Тізімде Федерация кеңесінің басшысы, Мемлекеттік Дума төрағасы, Сыртқы барлау қызметінің директоры, Тергеу комитетінің төрағасы, ФСБ басшысы және Мәскеу мэрінің аты-жөні көрсетілген.

"Кремль есебіне" қамтылған шенеуніктер мен олигархтарға болашақта санкция салынуы мүмкін. Алайда АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі әзірге жақын арада ондай шара болмайтынын айтады.

Жон Кеннеди: Путин - гангстер

Дүйсенбі күні Трамп Конгресске мәлімдемесін жариялау үшін барған кезде, оған Ресей президенті айналасындағы адамдарға қатысты жаңағы «Кремль тізімін» ұсынған. Бірақ ол бұл құжатқа қол қоймады.

Ал Республикашыл-сенатор Жон Кеннеди президент Трамп «Елдегі жағдай» туралы жолдауында Ресейге қарсы санцияларды көтеру керек еді деп есептейді.

«Дональд Трамп Америка халқына Ресейге қарсы санкцияны не себептен кейінге қалдырып келе жатқанын түсіндіру керек еді, Путин соңғы бес жыл бойы өзін гангстер ретінде ұстап келеді»-деп мәлімдеді Луизиана штаты атынан сайланған сенатор CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Сенаттағы халықаралық комитет төрағасының орынбасары, демократ Бен Кардин президентті АҚШ-тағы демократиялық үдеріске Кремльдің қол сұққысы келген әрекетіне үнсіз қалды деп сынады. Ол Путиннің алдағы Конгресс сайлауына да араласуы мүмкіндігін айтады.

Нұрзат Тоғжан

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371