Жұма, 22 Қараша 2024
Күбіртке 6747 9 пікір 20 Ақпан, 2018 сағат 10:15

Назарбаев мектебіне түсуші талапкерлер "тілсіз" Сайлаубек шығармашылығы бойынша сынақ тапсырады

 

«Естімеген елде көп» деген осы!!!  Назарбаев зияткерлік мектебіне түсуші талапкерлер тілсіз, сөзі жоқ, түсініксіз былдырлаған дыбыстар шығаратын МС Сайлаубектің өмірбаянын жақсы біліп, шығармашылығынан сынақ тапсырады екен.  Бұл туралы Фейсбук парақшасында Киікбай Жақыпұлы «МАСҚАРА! Назарбаев мектебіне түсу үшін оған арналған сұрақтардың ішінде Сайлаубекті (ия, кәдімгі түсініксіз рэппер) білу керек! Айтарым жоқ… не болып кетті!» -деп жазып, видеосын қойған. Ол қатты талқыланып жатыр қазір.

Иә, солай, «ҚАЗАҚ ТІЛІ» деп аталатын оқулықта  «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІНЕ ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН  ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ЖИНАҒЫ» деп жазулы тұр.

Сонымен, еліміздегі ең таңдаулы  Назарбаев зияткерлік мектебіне  түсетіндер   «Қазақ тілі» оқу құралының  75 бетіндегі 7 мәтіндегі    МС Сайлаубектің егжей-тегжейлі жазылған өмірін жатқа білуі керек. Оған қоса, «МС Сайлаубектің жұлдыз болуына не әсер етті?» деген 4 сұраққа жауап беруі тиіс …

Бұның бәріне жауап беріп, әйгілі мектепке түсіп кеткен  талапкерден  МС Сайлаубектің әнін салып беруді де сұрауы мүмкін шығар деп ойлайсың…  Ал бұл туралы сынақ кітапша авторлары  Қазбек Сағидолла мен Серікболсын Дүйсембайлардан сұрау керек…  Сонда бұл авторлардың деңгейі  «тілсіз» «жұлдыздардың» айналасында ма? Сонда еліміздегі ең әйгілі  мектеп оқушыларының үлгі тұтары  «тілсіз» рэппер болуы керек пе? Ал аталмыш мектеп басшылары бұл масқараға  не дейді екен?

«ҚАЗАҚ ТІЛІН» «ТІЛСІЗ» САЙЛАУБЕККЕ ТАҢҒАНДАРДЫҢ МАҚСАТЫ НЕ?- деген сұраққа, мүмкін, мемлекеттік тілде сөйлеуі қиын министр Ерлан Сағадиев те жауап беріп қалар?

«ОҚУЛЫҚТАҒЫ ЕКІ АҚЫННЫҢ ҚАЙСЫСЫ «ҰРЫ», МИНИСТР МЫРЗА?»– деп 2-ші сыныпта Білім министріне жазған хатына 3 жылдан бері әлі жауап ала алмай келе жатқан Әмина қызым көптен бері Назарбаев мектебіне дайындалып жүр еді… Енді мынадан кейін ол не  таңдауын өзгерту керек, не МС Сайлаубектің  «быды-быдысын» жаттай беруі керек  қой. Ойланып қалдық…

Еліміздегі ең таңдаулы Назарбаев зияткерлік мектебіне жасалып жатқан сынақ тапсыру кітапшалары осындай болса, басқаларының сықпыты белгілі шығар…

«Жүре берсең, көре бересің» деген - осы…

Алла қазаққа сабыр берсін!

Қазыбек Иса

Дереккөзі: qazaquni.kz

Түпнұсқадағы тақырып: "Қазақ тілін" "тілсіз" Сайлаубекке таңғандардың мақсаты не?  

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322