Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 5530 40 пікір 27 Ақпан, 2018 сағат 09:30

Президент қол қойған заң күшті ме, әлде, Бахмутованың жарлықтары күшті ме?

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мырзаға,

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров мырзаға.

                                                       АШЫҚ ХАТ

2017 жылдың 25 желтоқсанында ҚР кейбір заңдарымен заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы № 122-V1 ЗРК заңға Президент қол койды. Осы заңның 38 пунктінде міндетті әлеуметтік сақтандыру 2020 жылдың қаңтарынан бастап кіргізіледі деп көрсетілген. Маған осы заңның орындалу барысы түсініксіз болып отыр, себебі заң қабылданғаннан кейін Үкімет тарапынан ол заңды іске асыру шаралары қарастырылуы қажет емес пе?

Қанша іздесем де осы мәселеге қатысты үкіметтің қаулысын таба алмадым. Мүмкін, денсаулық сақтау министрінің бұйрығы шыққан болар деп денсаулық сақтау министрінің бұйрығын іздедім, бірақ ондай бұйрықты да таба алмадым. Демек, денсаулық сақтау саласының 2018, 2019 жылдарда қалай жұмыс жасайтыны нақтыланбай отыр. Республиканың 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті 2017 жылдың 30 қарашасында №113-V1 ЗРК заңымен бекітілді. Бұл бюджетті дайындаған кезде сақтандыру қорының  жұмысы 2018 жылдан басталады деп есептелген болуы керек. Олай деуге негіз ретінде келтіретін  мысалым -  біздің Маңғыстау облысы бойынша 2018 жылға денсаулық сақтау  саласына қарастырылған қаражат 2,8 млрд.теңге, ал 2017 жылы 10,2 млрд. теңге болған екен.

Нақты жағдай қалай болып жатқанын көріп отырмыз. Бұрынғы медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің облыстық филиалы таратылу алдында, қызметкерлерінің көпшілігі жұмыстан шыққан, өткен жылдың есебін жабу үшін бір-екі есеп қызметкерлері қалған.

Есесіне, Бахмутова ханым, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалының штатын толықтырып, жұмысқа мамандарды алып болды. Қазір осы филиал емдеу орындарымен шарт жасасып, ендігі жерде қаражатты бізден аласыздар деп отыр. Осы жағдайдан кейін мынадай сұрақ туындайды - Президент қол қойған заң күшті ме, әлде, Бахмутованың жарлықтары күшті ме? Сақтандыру қоры жұмысқа кірісіп кетті ғой.

Міне, ақпан айының аяқталуы жақын, ал денсаулық сақтау саласының жұмысы әлі нақтыланбай отыр.  2020 жылға дейін денсаулық сақтау саласының бұрынғы жүйесі сақталуы керек емес пе еді? Бюджетке өзгерістер енгізу қажет болмай ма, біздің облыстың денсаулық сақтау саласы 2,8 млрд.теңгемен кандай қажетін өтей алады?

Құрметті басшылар, Сіздерден осы мәселеге көңіл аударып, нақтылайды деп сенім білдіреміз.

Іргебай Жарылғасынов, зейнеткер дәрігер

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

Abai.kz

40 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338