Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4182 2 пікір 1 Наурыз, 2018 сағат 12:52

Амандық Баталов су тасқынынан зардап шеккен аудандарды тексерді

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов су басқан ауылдарға өзі барып, үш ауданның хал-ахуалымен танысты. Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында еріген қар суынан бірқатар үйлердің ауласына су кірген. Аймақтағы ахуалды сараптаған әкім жұмыс істеп жатқан техника санын көбейтуді тапсырды. Суды сорғылау үшін өрт сөндіру көліктерін де жұмылдыру қажеттігін айтты.

Облыс әкімі Қарасай ауданына қарасты Қырғауылды және Абай ауылдарына да ат басын бұрды. Бұл жерде қазір еріген қар суының салдарын жоюға 3 экскаватор мен жүк көлігі және 25 адам жұмыс істеп жатыр. Арықтардың арналары тереңдетіліп, жағасы құм салынған қаптармен бөгеттер тұрғызылуда. Құтқарушылар мұқтаж тұрғындардың барлығына көмек көрсетуде.

Сонымен қатар, облыс басшысының екінші бағыты Қарасай ауданы Қаскелең қаласы болды. Мұнда Іргелі көшесіне барды.

«Соңғы күндері еріген қар суынан жағдай едәуір көлемде ұлғайып жатыр. Қала көшелері мен аулаларына жиналған судан тазарту жұмыстарына 100-ге жуық адам жұмылдырылды. Шамалған ауылында да су басқанын айтып ол жерде де жұмыс күшейтілгенін, 10 шақты техника, Қызыл су ауыл маңындағы алқаптарда 80 адам  тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр»,-деді аудандық әкімнің орынбасары, төтенше жағдайлар жөніндегі аудандық комиссияның төрағасы Нұржан Сәтубеков.

Кеше кешке қарай Жамбыл ауданы төтенше жағдай жариялаған болатын. Өңір басшысы өзге өңірлерден едәуір көп зардап шеккен Қайназар ауылында да болды. Құтқарушылар мен ұлттық гвардия жауынгерлерінің жылдам қимылдағанының арқасында су ауылдан тыс бағытқа бұрылды.

Амандық Баталов су кірген бірнеше үйде болып тұрғындармен кездесті. Әңгіме барысында баспаналар ешқандай рұқсатсыз салынғаны анықталды. Екі үйдің де құжаттары толық болмай шықты. Бірінде жалғыз басты ана, екіншісінде созылмалы аурумен ауыратын науқас тұрып жатыр. Екі отбасының ауыр жағдайы ескеріліп, облыс әкімі аудан басшыларына зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Арнайы құрылған комиссия үй-үйді аралап,  судан зардап шеккендердің тізімі жасалатын болды.

Өңір басшысы сапарды қортындылай келе жағдай толық сараланып,  акт жасалғаннан кейін қажетті көмек көрсетілетінін тілге тиек етті.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3326
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6060